Руслан Берденов ісіндегі сотта тілін шығарған судьяға қандай шара қолданылатыны белгілі болды

15.11.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот отырысында журналиске тілін көрсеткен судья Әбинұр Қарабаевқа қандай шара қолданылғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жоғарғы сот кеңесінің мәліметінше, Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық соттың судьясы Әбинұр Қарабаевтың әрекеті бойынша тәртіптік іс сот жюриі алқасының отырысында қаралды.

Сот жюрилері Қарабаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдап, оған ескерту түрінде жаза тағайындады.

Еске салсақ, 2025 жылдын 18 тамызында Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісін қарау барысында судья Әбінұр Қарабаев, бұл әрекеті журналистің видеосына түсіп қалған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью