Руслан Курбанов әлем кубогінде алтын медаль алды

07.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл күндері Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше,  бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Курбанов жекелей сынның жеңімпазы атанды. 

Ол ақтық сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде ди Веролиді (Италия) жеңді. Есеп: 15:14. 

Отандасымыздың жекпе-жектер нәтижесі мынадай: 

1/32 айналым: Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) 15:14

1/16 айналым: Давид Надь (Мажарстан) 15:13

1/8 айналым: Акира Комата (Жапония) 15:11

1/4 кезең: Никита Жулинский (Қазақстан) 15:14 

Жартылай финал: Тристан Тюлен (Нидерланд) 15:9 

Сонымен қатар бұл жарыста алғаш рет Ұлттық құраманың 4 спортшысы - Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов пен Александр Федотов ТОП-16 қатарына кірді. Хайденхаймдағы кезеңде 44 мемлекеттің 373 үздік семсерлесу шебері күш сынасып жатыр. 

Еске сала кетейік, былтыр жазда Грузия астанасы Тбилисиде өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кіші финалда Францияны жеңіп, қола медаль жеңіп алған. Бұл спорттың осы түріндегі тарихи жүлде саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью