Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайы мәлімет жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Журналист апалы-сіңлілі қыздардың жағдайын білу үшін Тараз қаласына барған. Ол алаңдаушылық білдірген әлеуметтік желі қолданушыларына жауап берді.
"Көп оқырман апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыздың жағдайын сұрап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Соған орай арнайы Тараз қаласына барып, қос қарындасымның жағдайынан хабар алып қайттым. Қазір қыздар Тараз қаласындағы арнайы орталықта ем қабылдап, сонда тұрып жатыр. Жағдайлары жақсы, көңіл күйлері көтеріңкі. Орталықта оларға ем-дом жасалып қана қоймай, жатын орынмен де толық қамтамасыз етілген. Қыздар қауіпсіз ортада, дәрігерлердің және мемлекеттің бақылауында. Ал мен дәл осылай арасында жағдайларын білуге келіп тұрамын", – деді Руслан Өтепбай.
Назгүл мен Құндық жағдайын сұрап жатқан оқырмандарға ризашылық білдіріп, сәлем жолдады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.