Руслан Құрбанов Астанада өткен Әлем кубогында күміс жүлде иеленді

28.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астанада өткен шпагамен семсерлесуден Әлем кубогында қазақстандық спортшы Руслан Құрбанов күміс медаль жеңіп алды.

Финалда ол Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға қарсы шығып, 15:12 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Курбанов жарысты екінші орынмен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью