Рыбакина 6, Бублик 13 орында

04.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жуырда Парижде өткен «Мастерс» турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР-дің жаңартылған рейтингінде үш сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 13-орынды иеленіп тұр. Бұл – оның мансабындағы ең жақсы көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Аталған турнирде топ жарған италиялық Янник Синнер әлемдік рейтингте қайта 1-орынға көтерілді. Екінші және үшінші орындарда испаниялық Карлос Алькарас пен германиялық Александр Зверев. Сондай-ақ Тэйлор Фриц (АҚШ), Новак Джокович (Сербия), Бен Шелтон (АҚШ), Алекс де Минаур (Аустралия), Феликс Оже-Альяссим (Канада), Лоренцо Музетти (Италия) және Каспер Рууд (Норвегия) ТОП-10 ойыншының қатарында.

Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі өзінің 6-орнын сақтап қалды. Әйелдер арасында Арина Соболенко (Беларусь) алдына жан салар емес. Оны Ига Швентек (Польша) өшкелеп келеді. Одан кейінгі сатыларға АҚШ-тың үш бірдей теннисшісі – Коко Гауфф, Аманда Анисимова және Джесика Пегула жайғасты. Ал жұптық бәсекедегі Қазақстанның ең мықты ойыншысы Анна Данилина 13-сатыға табан тіреді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью