Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында өнер көрсетіп жатқан еліміздің бес теннисшісінің төртеуі келесі кезеңге шықты.
Бұған дейін Юлия Путинцева, Александр Бублик, Александр Шевченко жеңіске жетіп, Зарина Диас сәтсіздікке ұшыраған еді.
Кеше Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуін өткізді. Әлемнің бесінші ракеткасына WTA рейтингіде 97-орында тұрған словениялық ойыншы, 25 жастағы
1 сағат 12 минутқа созылған бәсеке 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. Жұптық сайыста жерлестеріміздің жолы болмады.
Қос Александр – Бублик пен Шевченко нидерлан-дық Марсело Демолинер мен Жан-Жюльен Ройерге жол берді – 3:6, 2:6.
Андрей Голубев пен Александр Недовесов аргентиналық Томас Мартин Этчеверри мен Камило Уго Карабельеге есе жіберді – 3:6, 4:6.
Бүгін екінші кезең басталады. Бұл межеде Юлия Путинцева франциялық Эльза Жакемомен, Александр Бублик мажарстандық Мартин Фучовичпен, Алексан