Рыбакина мен Данилина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

16.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінде финалда өнер көрсеткен Елена Рыбакина мен Анна Данилина әлемдік рейтингіде жеке рекордтарына қол жеткізді.

Е.Рыбакина Польша өкілі Ига Швентекті артқа тастап, спорттық жолында алғаш рет екінші ракетка атанды. Сол секілді А.Данилина әлемдік рейтингіде 7-ден 4-орынға көтерілді. Бұл — оның да спорттық жолындағы ең үздік нәтижесі.

Жекелей сында Юлия Путинцева 76-дан 75-ке ауысса, біраздан бері жарысқа қатыспай жүрген Зарина Дияс 296-дан 312-ге, Жібек Құламбаева 388-ден 419-ға құлдырады. 

Жұптық сында Ж.Құламбаева 140-орнында қалса, Ю.Путинцева 156-дан 209-ға төмендеді. 
Енді Қазақстанның көшбасшы теннисшілері АҚШ-тағы Майами WTA 1000 жарысында сәтті ойнаса, рейтингілік ұпай қорын толықтыра алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакинаның финалда әлемнің 1-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллстен кейін Майами турнирінде бақ сынайтыны хабарланды. 

Италиялық теннисші Янник Синнер мастерс турнирлері тарихында рекорд орнатты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью