Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Сенаторлар педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады.
Құжат педагог құқығын қорғауды күшейтуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Негізгі жаңалықтардың бірі — педагог пен білім беру ұйымы басшылығының білім алушылар үшін тек кәсіби қызметті жүзеге асыру және лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ғана жауапты болатыны туралы норманы бекіту.
Сондай-ақ заңмен педагогтан білім беру саласындағы заңнамада көзделмеген есеп пен ақпаратты талап етуге тыйым салынады.
Бұдан бөлек, құжаттарды бір уақытта қағазбен де, электронды нысанда да жүргізуді талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
Түзетудің бөлек бір блогы мектептерде гаджеттерді пайдалануға қатысты. Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында білім алушы мен тәрбиеленушілердің мобильді құрылғыларды пайдалану ережелерін бекіту құзыретіне ие болады.
Сабақ кезінде мобильді құрылғылар дыбыссыз режимде болуы және педагогтың рұқсатынсыз пайдаланылмауы тиіс.
Бақылау жұмыстары мен емтихандарда, мұғалімнің шешімі бойынша жекелеген жағдайларды қоспағанда, телефондарды пайдалануға толық тыйым салу қарастырылады.
Бұл ретте смартфондарды білім беру мақсатында — цифрлық платформалармен, жобалармен және оқу тапсырмаларымен жұмыс істеу үшін пайдалануға болады.
Сондай-ақ заңда әкімдіктер білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізім бойынша жалпы білім беретін пәндерден олимпиадалардың және республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарының өңірлік жеңімпаздарының қатысуын қамтамасыз ететіні көзделген.
Сонымен қатар, құжат шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін реттейді және медициналық кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша түзетулер енгізеді.
Бүгін, 17:13