Сәбиге ауылнай сыйлығы

13.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында демографияны қолдайтын ерекше сыйлық пайда болды. Қашанда жақсы жаңалыққа жаршы облыстағы ең ірі ауданда 47 елді мекен, 16 округ орталығы бар.

Суретті түсірген – Асылбек НӘСІПҚАЛИҰЛЫ

Мұндағы 31 елді мекенде «ауылнай» деген қоғамдық лауазым белгіленген. Ауылнайлар – сол ауылдың бас көтерген азаматы, ел ағалары, жалақы алмаса да туған жерінің мүддесі жолында күн-түн демей, қайрат көрсетіп жүргендер. Көктерек ауылдық округіне қарасты Сатыбалды ауылының ауылнайы Руслан Сарбаев – «Райымбек» шаруа қожалығының жетекшісі. Руслан Самиғоллаұлы биыл өз ауылында дүниеге келген әр балаға 200 мың теңге қаржылай сыйақы табыстайтынын мәлімдеген еді. Жақында сыйлықтың алғашқы лауреаттары белгілі болды.

Шағын ғана Сатыбалды ауылында небәрі 253 адам тұрады. Жыл басынан бері мұнда 4 бала дүние есігін ашқан екен. Көктем мерекесіне орай өткен салтанатты жиында жас босанған Нұрлы Қайырғалиқызы, Гүл­дана Әділбекқызы, Аяжан Руслан­қызы, Әсел Бейбітқызы ауылнайдың арнайы сыйлығына ие болды.

– Ауылнайлар жергілікті әкімдікпен, депутаттармен, қоғамдық кеңес мүше­лері, кә­сіпкерлер, шаруа қожа­лықтары, ауыл тұрғын­дарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қызметі ауылдық жердің өркен­деуіне, тұрғын­дардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Халқымыз ананы әрдайым ерекше құрметтеген. Бүгінгі шара да ардақты аналарға, жас отбасыға деген шынайы құрмет пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Сатыбалды ауылының ауылнайы, ел жанашыры Руслан Самиғоллаұлы Сарбаев өз бас­тамасымен 2026 жылы дүниеге сәбиі келген 4 отбасыға 200 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Бұл өмірге жаңа келген сәбиге деген ақ тілектің, анаға деген құрметтің, ауыл болашағына деген сенімнің белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Табысқа жеткен әрбір кәсіпкер өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосып, қаржы салса, еліміздегі көптеген елді мекен көркейе түсері анық», деп атап өткен болатын. Бүгінгі игі іс осы сөздің өміршеңдігін дәлелдейтін нақты қадам, – деді Қазталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов.

Дәрігерлердің мәліметінше, биыл Сатыбалды ауылында тағы 10 отбасы сәбилі болады екен. Демек ауылнайдың сыйлығы демографияға оң әсер етіп жатқан сияқты. Нәресте күт­кен жас отбасының бюджетіне мемлекет қолдауынан бөлек, ауыл­дас кәсіпкер тағайындаған жөргекпұл да қосылатыны әлбет­те, жақсы жаңалық.

– Ауылымыздың жанашыры Руслан ағамыздың бастамасы жас отбасыларға үлкен демеу болды. «Берсең балаға бер», дейді халқымыз. Біз мұны баламыздың несібесі деп білеміз. Ел ағаларына мың да бір рахмет, – дейді жас ана Нұрлы Қайырғалиқызы.

Айта кетейік, Сатыбалды елді мекеніне «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында соңғы екі жылда екі отбасы көшіп келген еді. Бұйырса, биыл тағы бір отбасы қоныс аудармақшы.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Мектеп • Кеше

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды

Қоғам • Кеше

«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды

Оқиға • Кеше

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Аймақтар • Кеше

Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз

Ата заң • Кеше

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Қоғам • Кеше

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Футбол • Кеше

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Ата заң • Кеше

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

Ата заң • Кеше

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Қоғам • Кеше

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Кеше

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Кеше

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью