Саботаж, жеңілдіктер және “жасарып жатқан ардагерлер“. Тоқаев сөйлеген сөзінің толық видеосы

19.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысып, іс-шараға жиналғандар алдында сөз сөйледі. Tengrinews.kz Мемлекет басшысы сөзін назарларыңызға ұсынады.

Бүгін Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен және экобелсенділермен Президент саябағының аумағында бірге ағаш екті.

Қазақстан Президенті Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің және экология министрі Әлібек Қуантыровтың баяндамаларын тыңдап, кейін акцияға қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде табиғатқа ұқыпты қараудың жоғары мәдениет пен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті. Президент "Таза Қазақстан" акциясының ауқымды нәтижелеріне тоқталды: жыл басынан бері экологиялық шараларға 7 миллион азамат қатысып, 130 мың гектардан астам жер тазартылды және 1 миллионнан астам ағаш егілді.

Сөз аяғында Тоқаев еріктілерге алғыс айтып, Қазақстанның БҰҰ-да Халықаралық еріктілер жылын жариялаудан бастап, Ғаламшарды көгалдандырудың халықаралық күнін атап өту ұсынысына дейінгі халықаралық бастамалары бүкіл әлемде кең қолдау тапқанын еске салды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью