Сабыржан Аққалықов Ұлан Батырдағы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

05.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында жапониялық Тайга Ягимен жұдырықтасты.

Сабыржан үш раунд бойы қарсыласын қыспаққа алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Бұған дейін Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазғанбыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью