Садақ ату: Қазақстан командасының спортшылары 3 финалда сынға түседі

25.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Іріктеу кезеңі нәтижесінде Қазақстан Ұлттық командасының еншісінде командалық сынның 3 финалы бар. Атап айтқанда, блокты садақтан Қазақстан әйелдер командасы (Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Юнусова) ақтық сында Үндістанмен шеберлік байқасады.

Сонымен қатар классикалық садақ ату дисциплинасында Қазақстан ерлер командасы (Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Дәулеткелді Жаңбырбай) мен Қазақстан әйелдер құрамасы (Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Александра Землянова) бас жүлдеге таласады.

Жекелей сында қазақ спортшылары ақтық сынға жолдама ала алмады.

Айта кетейік, финалдар 27 наурызға жоспарланған. Ал ертең аралас командалық сайыстан жарыс өтеді.

Елордада өтетін FIFA Series 2026 турниріне төрешілер тағайындалды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью