Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті алғаш рет Азияның үздік университеттері рейтингіне енді

06.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

QS Quacquarelli Symonds халықаралық агенттігі Азияның 2026 жылға арналған үздік университеттер рейтингін (QS Asia University Rankings 2026) жариялады. Биылғы тізімге Қазақстанның 44 жоғары оқу орны кірді, олардың ішінде 10 университет алғаш рет рейтингке енді.

Бұл аймақтық рейтинг Азияның 25 еліндегі 1529 университетті қамтып, жоба тарихындағы ең ауқымды рейтинг болды. Орталық Азия елдері арасында ең көп жоғары оқу орны Қазақстаннан – 44 университет (барлығы 112 университеттің ішінде). Өзбекстан – 22 университетпен, Қырғызстан – 6 университетпен, Тәжікстан – 1 университетпен ұсынылған.

QS Asia 2026 рейтингіне алғаш рет енген 10 қазақстандық ЖОО:

Назарбаев Университет — 201-орын

Алматы Менеджмент Университеті — 741–750 орын

М.Тынышбаев атындағы Көлік және логистика академиясы — 1001–1100 орын

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті — 1101–1200 орын

Alikhan Bokeikhan University — 1201–1300 орын

Каспий университеті — 1201–1300 орын

Рудный индустриалды институты — 1301–1400 орын

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті — 1301–1400 орын

Astana International University — 1401–1500 орын

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті — 1401–1500 орын

Қазақстандық университеттер академиялық бедел, білім беру сапасы, халықаралық серіктестік және түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп отыр.

Қазақстан – аймақтағы жалғыз ел, оның университеттері Азияның үздік 100 жоғары оқу орыны қатарында:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — 38-орын

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ — 61-орын

Satbayev University — 79-орын.

Рейтингте Қазақстанның көрсеткіштері академиялық стандарттардың күшеюі және халықаралық стратегиялық серіктестіктердің дамуы арқасында жақсарғаны атап өтілді.

Бүгінде еліміздегі 29 университет әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатқан, ал 15 университет базасында шетелдік университеттердің филиалдары жұмыс істейді.

QS сарапшыларының пікірінше, Қазақстан аймақтағы академиялық мобильділіктің орталығына айналып келеді.
Қазақстандық университеттер Орталық Азия елдері ішінде шетелдік студенттер мен оқытушылардың ең жоғары үлесіне ие, бұл білім беру ортасының жаһандануына әсер етеді.

Анықтама:

QS рейтингі жыл сайын күзде жарияланады. Атауы келесі жылмен беріледі, себебі академиялық оқу жылы күзде басталып, рейтинг нәтижесі келесі күнтізбелік жыл бойы өзектілігін сақтайды.

Бүгін, 12:35

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью