Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл жөнінде ол Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында әңгімелеп берді.
— Құрлықтық додадағы қарсыластарым осал емес. Солардың бірі — қытайлық боксшымен алғаш рет Азия ойындарында кездескен едім. Ол жолы қарсыласыма есе жібердім. Одан кейін Астанадағы Елорда кубогында есемді қайтардым. Бұл жолы үшінші мәрте шеберлік байқасамыз. Алдағы жекпе-жекте жеңіспен қуантамын деген ойдамын. Жалпы, бұл салмақта әлем бойынша мықты боксшылар көп. Мәселен, өзбекстандық қарсыластарымды ерекшелеп айтар едім. Сондай-ақ құрлықтық додада Тәжікстан, Үндістан боксшылары да жүлдеге ілігуді қалайды. Мен 2019 жылы Моңғолияда жастар арасында Азия чемпионатына қатысқан едік. Қазір олардың арасынан Махмұд Сабырхан, Ерасыл Жакпековті жанкүйерлер жақсы таниды. Барлығымыз енді Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік алдық, — деді Сағындық Тоғамбай.
Сағындық Тоғамбай 2001 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Қазірге дейін 2024 жылы алтын алса, 2022 жылы қола жүлдегер атанды.
Биыл құрлықтық додада Сағындықтан өзге ерлер құрамасы сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) сынға түседі.
Айта кетсек, Азия чемпионатында 31 наурызда Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.