Сағындық... Жаныңыз жәннатта болсын : Тұрсынбек Қабатов әсерлі жазба жариялады

10.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесін сағынышпен еске алып, жүрекке жететін жазба жариялады, деп жазды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұл күннің әкесі үшін ерекше екенін атап өтті. Айтуынша, егер әкесі тірі болғанда, бүгін 72 жасқа толар еді.

«Әкем — болмысы бөлек, терең ойлы жан болатын. Артық сөзге бармай, бір қас-қабағымен-ақ көп нәрсені түсіндіре алатын. Кітапты серік еткен, ойы биік, сөзі салмақты адам еді. Әке — асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әсерлі жазбаға бейжай қалмай, пікір қалдырып, марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, Тұрсынбек Қабатовқа көңіл айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью