Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Өнер айдынындағы «ең балаң ұжым» деп «Жаңа ғасыр» театрын айтар едік. Ашылғанына сегіз жыл ғана толды. Бірақ қазірдің өзінде театр қоржынында 8 қойылым болса, соның ішінде жастыққа тән романтикалық сарында қойылған М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, И.Штраустың «Жарқанат» комедиясы, С.Өтешев аударған И.Миччидің «Король Лев» музыкалық драмасы, Е.Ташкенбайдың «Соңғы қоңырау» атты поэтикалық драмасы, Н.Гогольдің «Вий», Ф.Фицджеральдтің «Гэтсби» драмалары, К.Гольдонидің «Айлакер жесір» комедиясы, Р.Томның «Сегіз әйел – ол жалғыз» музыкалық спектаклі бар.
Асанәлі Әшімов атындағы бұл театр 2018 жылдың желтоқсан айында Алматы қалалық Мәдениет және архивтер басқармасына қарасты «Алматы әуендері» КМҚК құрамында ашылған. Көзі тірісінде шығармашылық ұжымға театр тарланы, КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің өзі жетекшілік етті. Театрдағы қазіргі 53 актердің дені осы кісінің шәкірттері, өз түлектері.
Қазақстан сыншылар бірлестігі жыл сайын жүргізіп отыратын мониторингке көз жүгіртсеңіз, «Жаңа ғасыр» театры гастрольдік сапарларға шығуға келгенде отандық театрлардың ондығына кіретінін көресіз. Мысалы, өткен 2025 жылдың өзінде бұл театр еліміздің Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз және Астана қалаларын «Тағдыр тақтасы», «Алматы – махаббатым» қойылымдарымен гастрольдік іссапармен аралап шыққан.
Ақпанның аяз қарыған соңғы күндерінде «Жаңа ғасыр» театры «Алматы – махаббатым» атты сағыныш пен сырға толы сахналық туындысын тарту етті.
Республика сарайын махаббат пен албырт сезімдерге бөлеген концерт-спектакль қалың көрерменге кешегі күндерін оралтып, алып-ұшқан жастық шағына қайта жетектеп әкелгендей әсер сыйлады.
Рухани кешке айналған қойылымда шаһардың әсем келбеті ғана емес, түрлі тағдыр иелерінің өмірі, олардың махаббаты мен сағынышы әдемі әнмен өріліп, сахналық көріністермен астасып жатты.
Кеш барысында ескі болса да есті, жүрекке жақын әндер шырқалып, көрермен өткен мен бүгіннің арасына сапар шекті. Әр ән – бір тағдыр, әрбір әуен – бір ғұмыр іспетті өріліп, кәсіби өнердің құдіретін сезіндірді.
Бұл спектакльдің құндылығы да сонда, дәл осы «Алматы – махаббатым» сахна абызы Асанәлі Әшімовтің соңғы қойылымы еді. Аталған концерт идеясы ұстаздарымен бірге дүниеге келіп, өзі дүниеден озғаннан кейін сахналанған қойылым. Сондықтан да осынау концерттік қойылымды аңыз актердің соңғы да алғашқы спектаклі деп айтуға болады.
Концерттік туындыны көруге аңыз әртістің жары Бағдат Әшімова келіп, жүрекжарды лебізін білдіріп, спектакльдің әсерлі шыққанын атап өтіп әрі өнер ұжымына деген риясыз алғысын жеткізді. Жиналған жұртты толқытқан кешке Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы мен «Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева, пьеса авторы Бейбіт Сарыбай сынды зиялы қауым өкілдері де қатысты.
«Алматы – махаббатым» тек концерттік бағдарлама емес, бұл – қалаға деген шынайы сүйіспеншілік, адам жанының нәзік иірімдерін бейнелейтін сахналық туынды. Спектакль арқылы көрермен Алматының рухын терең сезініп, оның көшелері мен таулы табиғатына деген сағынышын жаңғыртты.
Мазмұны бай, сезімге толы кеш ұлттық өнеріміздің байрағын көтеріп, көрермен жүрегінен орын алған әсерлі мәдени оқиға ретінде есте қалады.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады
Оқиға • Бүгін, 12:57
Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Оқиға • Бүгін, 11:27
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:45
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:20
Қоғам • Бүгін, 09:55
Қоғам • Бүгін, 09:50
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қоғам • Бүгін, 09:45
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Қоғам • Бүгін, 09:40
Халық құрметтеген құтқарушылар
Құтқарушы • Бүгін, 09:35
Қоғам • Бүгін, 09:30
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қоғам • Бүгін, 09:25
Пікір • Бүгін, 09:20
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қоғам • Бүгін, 09:10