Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті тұлғаларға арналған жадынаманы жариялады.
"Кандидаттар мен олардың жұбайлары тіркелгенге дейін кандидатқа ұсыну мерзімі айының бірінші күніндегі жағдай бойынша тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:
жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен – теңізде" жүзетін кемелер;
көлік құралдары, арнаулы техника және (немесе) тіркемелер;
шетелдік банктік шоттардағы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын сомадағы ақша;
Қазақстандағы және (немесе) оның шегінен тысқары жердегі мүлік және міндеттемелер:
тұрғын үй құрылысындағы үлес;
Қазақстан шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
цифрлық активтер;
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
10 000 АЕК шегінде қолма-қол ақша;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (бағалау құны болған кезде);
мынадай:
жеке тұлғалар арасында нотариат куәландырылған шартпен;
жеке және заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатындар арасындағы салыстырып тексеру актісімен және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен;
заңды күшіне енген сот шешімімен расталған дебиторлық/ кредиторлық берешек.
Декларацияны толтырар алдында тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады:
декларация тапсырылғанға дейін (15 қыркүйекке дейін) бірлігінің құны 31.12.2025ж. жағдай бойынша 1000 АЕК-тен асатын мүлікті тәуелсіз бағалаушыға (қалауы бойынша) бағалату;
нотариустарда қарыз шарттарын (СК 423-бабының 2-тармағы) (банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілуге жатпайды), сондай-ақ олардың аяқталуын (орындалуын) куәландыру.
Декларация толтырылғанға дейін декларациялауға жататын мәліметтердің анықтығын мынадай сайттарда дербес тексеру қажет:
1.
Бағалы қағаздар бойынша;2.
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша мына және мына жерде;3.
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша;4.
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша;5.
дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарызды нотариат куәландырған шарт) болуы бойынша Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу.Декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электронды түрде:
"Салық төлеуші кабинеті" (СӘИЖ АЖ) Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы;
Келу тәртібімен қағаз жеткізгіште мынадай тәсілдердің бірімен:
Мемлекеттік кірістер органдарына;
Халыққа қызмет көрсету орталығына;
тапсырыс хатпен пошта арқылы.