Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Телеарнада саяси партиялардың алғашқы командалық теледебаты тікелей эфирде өтті. Дебаттың басты тақырыбы республиканың негізгі қағидаттарының бірі "Заң және тәртіп" болды. Талқылаудың өзегіне әділетті қоғамның негізі ретінде заң үстемдігі алынды.
Құрылтайдағы орындарға таласатын барлық жеті партияның өкілдері қатысты:
"Ақ жол";
"Ауыл";
"Байтақ";
"Әділет";
Қазақстанның Халық партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);
Respublica.
Әр партиядан екі спикерден қатысты. Әрқайсысына сөйлеуге қатаң түрде екі минуттан берілді. Депутаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде сөз сөйлеп, модераторлардың, қарсыластарының және көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Сөз сөйлеу тәртібі
Кезектілік жеребе арқылы анықталды. Алғашқы сөз "Ақ жол" партиясына берілді. Одан кейін ЖСДП, "Әділет", Қазақстанның Халық партиясы, "Ауыл", "Байтақ" және Respublica партиялары кезекпен сөз сөйледі.
Эфир бойы көрермендер экрандағы QR-код арқылы дауыс берді. Сауалнаманы Қазақстанның қоғамдық даму институты өткізді.
Көрермендер дауысының қорытындысы
"Әділет" – 60,6%;
"Ауыл" – 15,1%;
Respublica – 10,2%;
ЖСДП – 3,9%;
"Ақ жол" – 3,5%;
Қазақстанның Халық партиясы – 3,3%;
"Байтақ" – 2,7%;
"Ешқайсысы ұнамады" – 0,7% (1 156 адам).
Ұйымдастырушылар атап өткендей, онлайн дауыс берудің нәтижесі ресми рейтинг болып саналмайды және алдағы сайлауға ешқандай әсер етпейді. Барлығы 165 153 адам дауыс беруге қатысты.
Қорытынды теледебат 19 тамызға жоспарланған. Оған барлық жеті партияның төрағасы қатысады.
Ал 23 тамызда жаңа Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.