Сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

Үгіт-насихатын ресми түрде бастаған партия өңір­­лердегі желісін де іске қосты. Іс-шара бары­сында көп­шілікке пар­тия­ның сайлауал­­ды бағ­дар­­­ламасы мен Құрыл­тай депутат­­ты­ғы­на үміт­керлері таныс­ты­рыл­­ды.

Сондай-ақ ЖСДП Астанада сарапшылардың қаты­­­суымен дөңгелек үстел өткізді. Оған саясаттану­шы­лар, сарапшылар, де­пу­тат­тыққа кандидаттар, бұқа­ралық ақпарат құрал­да­рының өкілдері және блогерлер қатысты.

Іс-шара барысында ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Дөңгелек үстелдің негіз­гі баяндамасын ЖСДП тө­ра­ғасы Асхат Рақым­жанов жасап, партия бағ­дар­ла­масының басты ба­ғыт­­тары туралы мәлімдеді.

«Прогресс жолындағы 20 белес» бағдарламасы – жай ғана ұрандар жиын­тығы емес, тәуелсіз елімізді дамытуға арналған нақты жоспар. Сондықтан біз Құрылтайдың кәсіби, мық­ты әрі ықпалды болуына ерекше назар аударамыз. Онда жеке бастың емес, халықтың мүддесі көтерілу­ге тиіс», деді А.Рақымжанов.

Одан кейін ЖСДП атынан Құрылтайға кандидат ретінде ұсынылған азаматтар сөз сөйледі. Ажар Сағандықова әлеуметтік саясат пен әйел­дер­дің құқықтарына қатысты өзекті мәселелерді көтерсе, Нұрия Балтабайқызы кә­сіби­ліктің кез келген сала­да маңызды екенін айтты. Ал Максим Андрюшин партияның экономикалық ұсыныстарына тоқталып, Мақсұт Насибулов әлеу­меттік-экономикалық мәсе­ле­лерге, жер саясатына және популизм тақыры­бына мән берді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью