Сайлауда 85 жастағы әженің өз аяғымен келіп дауыс беруі көпке үлгі деп ойлаймын Әнуар Хамитов

23.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Әділет» партиясының байқаушысы Әнуар Хамитов Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы №476 сайлау учаскесіндегі ахуал туралы пікірін білдірді.  

«Орал қаласындағы №476 сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылаушы ретінде «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігі атынан қызмет атқарып жатырмын. Құрылтай сайлауында дауыс беру процесі сағат 07:00-де мемлекеттік Әнұран шырқалғаннан кейін өз жұмысын бастады. Сайлаушылар біртіндеп келіп өз таңдауын жасап жатыр. Сайлау учаскесінде дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Жерлестердің көңіл күйі керемет. Атап айтсам, 85 жастағы әжемнің өз аяғымен келіп дауыс беруі көпке үлгі деп ойлаймын. Сайлау процесі әділ, нақты, жүйелі өтіп жатыр. Заңбұзушылықтар болған жоқ», – деді байқаушы Әнуар Хамитов.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью