Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары дауыс беру барысына қатысты өз әсерлерімен бөлісті.
Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика Кеңесі төрағасының орынбасары, байқаушылар тобының үйлестірушісі Игорь Брилевич сайлауға дайындық пен оны ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгенін айтты.
"Адамдар Құрылтайға өз мүдделерін қорғайтын азаматтарды сайлау арқылы елдің болашағы үшін маңызды шешім қабылдап жатқандарын түсінеді. Біз Қазақстанда бірнеше күннен бері жұмыс істеп келеміз. Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен, Сыртқы істер министрлігімен және барлық саяси партиялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткіздік. Сайлауға дайындықтың барлық кезеңінде өте ауқымды әрі мұқият жұмыс жүргізілгенін атап өткім келеді", – деді спикер онлайн-марафон аясында ОКҚ алаңындағы брифингте.
Брилевич сондықтан бүгін Қазақстан халқы өзіне лайықты таңдау жасайтынына бақылаушыларда ешқандай күмән жоқ екенін айтты.
Осы пікірді ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары, ТМД ПАА-ға мүше мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуын, парламентаризм мен демократияның дамуын мониторингтеу жөніндегі халықаралық институттың директоры Иван Мушкет те қолдады.
Сонымен қатар ол жастардың ел өміріндегі рөліне тоқталып, өзінің Қазақстан жастарына тәнті екенін жеткізді.