Сайлаушылардың 37% дан астамы дауыс беріп үлгерді

23.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 12:00-ге дейін дауыс берген адамдардың санын жариялады. Осы уақытта сайлаушылардың 37%-дан астамы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы уақытқа дейін республика бойынша барлығы 4 670 818 адам дауыс берген. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05%-ын құрады.

© Photo : Орталық сайлау комиссиясыДауыс беру жағынан белсенді өңірлердің тізімі жарияланды

Дауыс беру жағынан белсенді өңірлердің тізімі жарияланды

© Photo : Орталық сайлау комиссиясы

Қазіргі кезде Қызылорда, Қарағанды, Жетісу, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе облыстарының тұрғындары дауыс беруге белсене қатысып жатыр. Алматыда халықтың белсенділігі төмен.

Астана қаласы бойынша - 35,28%.

Абай облысы бойынша – 38,51%.

Ақмола облысы бойынша – 39,57%.

Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%.

Алматы облысы бойынша – 39,05%.

Атырау облысы бойынша – 35,84%.

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%.

Жамбыл облысы бойынша – 35,54%.

Жетісу облысы бойынша – 47,29%.

Қарағанды облысы бойынша – 40,56%.

Қостанай облысы бойынша – 34,72%.

Қызылорда облысы бойынша – 47,59%.

Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%.

Павлодар облысы бойынша – 35,74%.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%.

Түркістан облысы бойынша – 43,14%.

Ұлытау облысы бойынша – 34,93%.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%.

Алматы қаласы бойынша – 17,87%.

Шымкент қаласы бойынша – 41,60%.

Айта кетері, Құрылтай сайлауында дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың жалпы саны 12 605 788 адамды құрайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью