Саламат Эй Джеймен күш сынасады

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сурет: sportplustv.kz

29 жастағы қазақ шебері кәсіпқойлар арасындағы жарыс­тарда октагонға 10 мәр­те шығып, барлығында ай­қын басымдықпен жеңіске жетті. Саламаттың ауыр соқ­қыларынан «таяқ жегендер» қатарында Швеция, Аус­трия, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Бразилияның марқасқалары бар. Мақтаулы Қап тауының қырандары да қандасымыздың қарқынына шыдас бере алмады. Тағы бір­неше бәсекелесін Исбуллаев «қылқындыру» әдісімен ұтты. Соңғы жекпе-жегін 7 ақ­пан­да Дубайда PFL-дың экс-чемпионы, Перудың перісі Хесус Пинедоға қарсы өткізіп, оны нокаутқа жіберді.

Қандасымыздың қарсыласы өте азулы. Сәуір айында 31 жасқа толған Калифорния штатының тумасы 26 кездесу өткізіп, 24 рет мерейі үстем болды. 14 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Эй-Джей өз мансабында екі рет қана жеңілді. Оның өзінде Патрисио Питбуль мен Пол Хьюздан төрешілердің шешімімен ұтылды. Кезінде америкалық арлан Bellator ұйымының чемпионы болып, Гран-при додасында дара шық­ты. Осы лигада бірқатар рекорд жаңартты. Биыл 20 наурызда өткен соңғы жекпе-жегінде Макки мажарстандық Адам Боричтен ұпай санымен басым түсті.

Алдағы айқас Саламат Исбуллаев үшін тамаша мүм­кіндік. Егер де өз салмағында екінші орында тұрған Эй-Джей Маккиді жеңетін болса, онда қазақ файтері келесі жекпе-жектерінің бірінде PFL-дің чемпиондық тәжіне таласуы әбден мүмкін. Саламат қазіргі кезде рейтингте алтыншы сатыда нық тұр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью