Салған ақшаңды еселеп қайтарамын! : 121 адамды сан соқтырған қызылордалық алаяқ сотталды

28.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қызылорда қаласының «С» есімді 31 жастағы тұрғыны интернет желісін пайдалану арқылы жасалған алаяқтығы үшін 2025 жылы 19 қарашадағы сот үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«С» есімді азамат 2024 жылы алдын ала сөз байласқан адамдар тобы арқылы «Instagram» әлеуметтік желісінде «Dake_87057380827» деп аталатын жалған парақша ашып, бөтен адамдардың жеке деректерін пайдаланып, азаматтарды «Салған ақшаларын еселеп қайтарамын» деп алдап, «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы жәбірленушілердің қаражатын иемденген.

Нәтижесінде республика бойынша 121 адам алданып, жалпы келтірілген мүліктік залал 9 миллион жуық теңгені құраған.

Басты сот талқылауында сотталған кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалды толығымен өтеуіне байланысты оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған.

Бүгінгі күні сотталған «С» тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда жазасын өтеп жатыр.

Үкім заңды күшіне енген.  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью