Салмағы 1778 грамм: дәрігерлер қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты

02.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Дәрігерлер Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нәресте – қыз бала. 2 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасының босандыру бөліміне жеткізілген.

"Нәрестенің жағдайы орташа ауыр. Болжамды гестациялық жасы – 36 апта, салмағы – 1778 грамм. Өзі тыныс алып жатыр, гемодинамикасы тұрақты", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйелді анықтады. Ол өз кінәсін мойындады.

Жан-жақты және толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, бүгін Қордай ауданындағы Гвардейск әскери қалашығында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған болатын. Полиция баланың анасын іздестіріп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью