Салоннан түтін шықты: ​Алматы Астана рейсі әуежайға қайта қонды

17.12.2025

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ашық дереккөзден алынған сурет

Таңертең Алматы – Астана бағытындағы рейсті орындаған Air Astana әуе компаниясының жолаушылар ұшағы сигнал берді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметі бойынша бүгін сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында «Эйр Астана» АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N  EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды.

«Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Қону сағат 07:40-та жүзеге асырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта аталған авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтауда.

Бүгін, 09:37

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью