Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фестиваль аясында ансамбль қазақтың «Қыз қуу», «Домбыра дастан» билерін және өзбек халқының «Хорезм термәлері» биін шебер орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Нәтижесінде «Ең үздік сахналанған би» аталымы бойынша 2-орынды иеленді.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАуқымды мәдени іс-шараға әлемнің 15 елінен келген өнер ұжымы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болды.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАйта кетейік, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі аталмыш халықаралық фестивальге алғаш рет қатысты.
Осыған дейін маңғыстаулық «Жорға» би ансамблі халықаралық байқаудың бас жүлдесіне ие болғанын жазғанбыз.