Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Кездесу Марракеш қаласында (Марокко) ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 аясында өтті. Кездесуге Канаданың ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Карин Асселин ханым және Канада Көлік министрлігінің Халықаралық авиация жөніндегі атқарушы директоры Джон Велью мырза, Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза қатысты.
Тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік және озық тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ әуе қатынасы туралы келісімнің мәртебесі мен елдер арасында тікелей тұрақты рейс ашу перспективалары қаралды.
– Қазақстандағы авиация саласы еліміздің әлемдегі ең ірі және теңізге шыға алмайтын географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, стратегиялық маңызға ие. Осындай жағдайда азаматтық авиация көліктік байланысты қамтамасыз етуде және экономикалық дамуда шешуші рөл атқарады, – деп атап өтті Салтанат Томпиева.
Кездесу барысында 2025 жылы Қазақстан Республикасындағы жолаушылар ағынының пандемияға дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда 80%-ға өскені, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі (82%) және авиациялық қауіпсіздік (95,7%) бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейі аталып өтті.
Тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға және авиацияның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.
Айта кетейік, Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша әлемдегі ТОП-20 елдің қатарына енді.
Орталық Азия елдері ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық нормативтерді жетілдіру бойынша шешім қабылдады.