Салтанатты той кортежі 22 әкімшілік хаттамамен аяқталды

27.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Тексеру барысында автокортежді ұйымдастырған азамат анықталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ кортежге қатысқан 8 автокөлік анықталып, барлығы айып тұрағына қойылды.

Жүргізушілерге қатысты 22 әкімшілік хаттама рәсімделді. Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында ұсақ бұзақылық, қауіпсіздік белдігін тақпау, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін жағдай жасау және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бар.

Айыппұлдан қашқан жүргізушілер 28 фураны жол жиегіне тастап кеткен

Полиция той кортеждері мен мерекелік іс-шаралар жол қозғалысы ережелерін сақтамауға негіз болмайтынын еске салды. Мұндай шаралар басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью