Салық есебін тапсыру жеңілдейді

06.12.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Енді салық есебін тапсыру әлдеқайда жеңілдей түседі.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бүгінде салық есебінің түрі 70-тен 28-ге дейін қысқарған. Негізгі жаңашылдықтардың бірі мүлік пен жер салығына қатысты. Яғни жаңа жылдан бастап әр маусым сайын заңды тұлға төлейтін салық міндеттемесі 1 миллион теңгеден аспаса, есеп өткізуден босатылады. Тек жылдық декларация тапсырады. Сондай-ақ көлік құралдарына қатысты салық есептері мен декларацияны өткізу міндеті де алынып тасталады. Ал мың жарым айлық есептік көрсеткішке дейін салық берешегі бар азаматтарға мүлікті кепілге қоймай, бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылмақ. Бірақ алған қарызды 1 жыл ішінде өтеуі тиіс.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Егер салық төлеуші салық есебін өткізуді ұмыт қалдырса, онда оларға айыппұл салынбайды. Әдетте ондай азаматтардың саны бізде жылына 300 мыңға дейін барады. Яғни біз оларды "нульдік есеп өткізді" деп белгілейміз. Сөйтіп, кейін салық төлеуші өз бетінше тапқан табысын декларациядан өткізіп көрсете алады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью