Салық кодексіндегі түзетулер қашан күшіне енеді?

04.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жаңа Салық кодексіне өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданысқа енгізілмейді. Қазір мемлекеттік органдардың құжатқа түзету енгізуге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Depositphotos.com

Министрдің айтуынша, шешім қабылдауда жобалық менеджмент тәсілі қолданылады. Белгілі бір мәселелер бойынша қарау мерзімі 2-10 күн болып белгіленген. Егер осы уақыт ішінде нақты жауап берілмесе, онда мәселе жүйелі сипатқа ие деп танылып, Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының талқылауына жолданады.

«Қабылданған шешімдер көп. Өзгерістерді биылғы жылдың соңында көруіміз мүмкін, ал күшіне енуі келесі жылға сәйкес келуі ықтимал», деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, бұған дейін Бюджет кодексі мен Салық кодексі арасында кейбір сәйкессіздіктер болған. Алайда нақты қандай түзетулер жөнінде сөз болып отырғанын министр тарқатып айтпады.

Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексін жетілдіруге мүмкіндік бар екенін атап өткен еді.

Талқыланып жатқан өзгерістердің қатарында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың өзара іс-қимылын реттеу мәселесі бар. Сарапшылар бұған дейін әртүрлі ауқымдағы бизнес құрылымдар арасындағы байланыста түйткілдер кездесетінін айтқан болатын.

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе тарапынан бизнес мәселесі апта сайын қаралады

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығын дамытудың жаңа кезеңі басталады

Қаржы • Бүгін, 17:49

30 жерден пышақ сұққан: 7 баланың әкесін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталды

Оқиға • Бүгін, 17:38

Рустам Әли Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 17:30

Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Президент • Бүгін, 17:27

Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді

Қоғам • Бүгін, 17:18

SCAT әуе компаниясы Маскаттан 314 жолаушыны елге жеткізді

Оқиға • Бүгін, 16:58

Депутат Ирандағы балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді

Парламент • Бүгін, 16:40

Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Бүгін, 16:34

Шетелдегі соғысқа азаматтарды тарту: Депутат заңнаманы қайта қарауды ұсынды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:26

Өнер майталмандары референдум туралы пікірлерін білдірді

Референдум • Бүгін, 16:21

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады

Президент • Бүгін, 16:21

Ақтөбеде қуаттағыш құрылғы жарылып, бір отбасы зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 16:17

Ермұрат Бапи: Әлемде саяси ахуал ушыққан тұста жаңа Конституция жобасының маңызы арта түсті

Қоғам • Бүгін, 16:08

«Хабар» мен 24KZ жаңа маусымда көрерменге қандай жобалар ұсынады?

Қоғам • Бүгін, 15:59

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Қоғам • Бүгін, 15:49

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью