Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті соңғы уақытта азаматтарға жаппай салық органдарының атынаналаяқтардан хабарлама келіп жатқанын ескертті.
Комитеттің мәліметінше, алаяқтар таратқан хабарламаларда салық режиміне көшу, шұғыл хабарламалар, айыппұлдармен қорқыту және сілтеме арқылы өтуді сұрау жазылады.
Алаяқтардың мақсаты – халықты қорқыту, шатастыру және жеке деректерді немесе ақша иемдену.
Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың айласына түспеу үшін үш қарапайым ережені есте сақтауды ұсынды
Барлық ресми хабарламалар тек Салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген арналар арқылы келеді (ресми электрондық сервистер, push-хабарламалар және 1414 байланыс орталығы).
СМС арқылы келетін ешқандай кодты айтпаңыз. Егер біреу "растау коды" немесе құпиясөзіңізді сұраса — бұл 100% алаяқ. Мемлекеттің кірістер комитетініңқызметкерлері мұндай деректерді ешқашан сұрамайды.
Сілтемелерге өтпеңіз. Егер "салық органынан" келгендей күмәнді хатта "төлеу" немесе "тексеру" батырмасы болса — оны бірден өшіріңіз.
Не істеу керек
күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
бейтаныс жіберушілерге жауап бермеңіз;
жеке және қаржылық деректеріңізді ешкімге бермеңіз;
ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеріңіз.
Оңайлатынған салық режиміне көшу туралы жеке ескерту.
Оңайлатынған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (АСР) көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсыруға болады.
Алаяқтардан келген хабарламаны мына жолдармен беруге болады:
ЭЦҚ арқылы Салық төлеушінің кабинетінде;
E-Salyq Business мобильді қосымшасында;
банктердің қосымшаларында (Kaspi, Halyk, БЦК);
Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде тапсыру.
Салық органдары ешқандай кодтар, кезектер немесе "алдын ала жазылуларды" талап етілмейтінін ескертті.