Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Биыл 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Онда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары өзгертілген, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Арын Қайсар салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу нормаларын түсіндірді.
Оның айтуынша, биыл салық берешегінің шекті мөлшері өзгертілді
– 2026 жылға дейін шаралар 6 АЕК-тен бастап қолданылса, қазір бұл көрсеткіш 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл – 86 мың теңгеден асады. Бұл норма барлық санаттарға қатысты. Сараланған тәсіл қолданылады: салық берешегі 20 АЕК-тен асқан жағдайда өсімпұл есептеледі, хабарлама жіберіледі, мерзімі өткен соң банктік шоттар бойынша шығыс операциялары, сондай-ақ касса және инкассалық өкімдер тоқтатылады. 45 АЕК-ке дейін біз осы тәсілдер мен өндіріп алу шараларымен шектелеміз", – деді ол.
Берешек 45 АЕК-тен асқан жағдайда да аталған шаралар қолданылады.
"Келесі кезеңде дебиторлық берешекті дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу жұмыстары жүргізіледі (бар болған жағдайда), мүлікке түгендеу актісі жасалады, мүлік сатуға, ал акциялар айналымға шығарылады. Қарыз өтелмеген жағдайда сот шешімімен салық төлеушіні банкрот деп тануға дейін барады", – деді ол.