Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында президентке экономиканың дамуы жайында баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, салық және бюджет реформасы ұлттық қордан нысаналы трансферттерді алмай-ақ, үш жылдық бюджетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Осының арқасында бюджет тапшылығы азайған. Ал жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі үш жылдан кейін 30 процентке дейін төмендейді.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізілді. Ішкі жалпы өнімнің өсімі 20,1 млрд долларды құрады. Бұл ірі өндірістік аймақтың жалпы ішкі өнімімен бірдей", - деді Бектенов.
Премьердің баяндамасы кезінде көрсетілген слайдтарға сәйкес, ел экономикасының өсімі 6,5 процентті құрап отыр.