Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, басты өзгерістер мыналар:
Салық тексерістері түрлерге бөлінбей жүргізіледі;Тексерулердің негіздері қысқартылып, біріктірілді;Тексерулер мерзімін ұзарту қысқартылды: құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін – 10 жұмыс күні, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар үшін – 20 жұмыс күні;Салық тексерісі аяқталғанға дейін талап қою құқығының қолдану мерзімі ұзартылды;Тексеру құжаттарын тапсыру тәртібі электронды форматта веб-портал арқылы реттелді (нұсқамаға қатысты емес);Салық төлеушінің нұсқамаға шағымданған кезеңінде тексерісті тоқтату тәртібі алынып тасталды;Салықтық жүктеме коэффициенті тиісті қызмет түрі бойынша жоғарғы шектің 90%-дан кем емес салық төлеушілерге кешенді тексеру жүргізу құқығы шектелді (аймақ ерекшеліктері ескеріле отырып);Микро және шағын кәсіпорындарға тексеріс кезінде құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен көп берілмейді;Құжаттарды ұсыну талаптарын орындау мерзімі 10 жұмыс күніне қысқартылды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті шағын бизнес үшін айыппұлдар мен өсімпелерді есептен шығару тәртібін түсіндірген болатын.