Салық төлеудегі тың тәсіл

20.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сурет: abai.kz

Мәселе, Салық кодексінің 484-бабында көзделген экспортқа шығарылатын осы өнімдер бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80 пайызға азайту нормасына қатысты. Сала­лық қауымдастықтар, ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілер мен экспорттаушылар экспорттық жеткізілімдерге ҚҚС-ны толық өтеу тетігін сақтаудың маңызын атап өтті. Олардың айтуынша, бұл қадам отандық аграрийлерге қосымша қолдау көрсетіп, отан­дық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайта түседі.

Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экс­порт­таушылар үшін есепке жат­қызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни Салық кодексінің 484-бабының осы нор­масы жойылады. ҚҚС-ны қай­таруға қойылатын талаптар­дың негізділігі «пирамида әдісі» деп аталатын салық­тық тексерумен рас­талады. Бұл тауар қозға­­лысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруа­шы­лығы өндірушісінен экспорт­таушыға дейін бақылауға мүмкін­дік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ны толық көлемде қайтара алады.

Есепке алу ҚҚС түзету жөніндегі норманы енгізу кезінде бір мезгілде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңіл­дік кеңейтілді: бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын азайту мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғай­тылды. Экспорттық ҚҚС-ны қай­тарудың бұрын қолданыста бол­ған тетігін сақтау туралы шешім қабылданғандықтан, жеңіл­діктің бұрынғы мөлшері – 70%-ды қалпына келтіру ұсынылады.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп ҚҚС қайтару кезінде цифрлық теңгені пайдалану тетігін пысықтап жатыр. Оны енгізу жұмысы биыл аяқталуға тиіс. Бұл құ­рал ең алдымен экспорт­таушы­ларға бағытталған және ҚҚС қайта­ру мерзімін едәуір қысқартуға мүмкін­дік береді. Бұл ретте оны қол­дану тек ерікті сипатқа ие: бизнес ҚҚС қайтарудың қолданыстағы тәртібі мен цифрлық теңгені пайдалану тетігі арасында таңдау жасай алады. 

Серік Жұманғарин атап өткендей, шешім қабылдау кезінде салалық қауымдастықтардың, ауыл шаруа­шылығы тауарын ө­н­­дірушілер мен экспорт­таушы­лардың ұсынысы ескерілді. Таңдалған тәсіл аграрлық секторды қолдаудың қолданыстағы шараларын сақтауға, экспорттаушылар үшін тұрақты және болжамды жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қолдауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью