Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қаржылық қиындыққа тап болған қазақстандық салық төлеушілерге салықты, алымды және (немесе) айыппұлды кепілсіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.
Бұл шара 1500 АЕК немесе 6,5 млн теңгеден аспайтын қарызы бар азаматтарға қатысты болады. Жаңа шаралар "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында жарияланған түзетулер жобасында көрсетілген.
"Жобаның мақсаты – 1500 АЕК-ке дейінгі салықтық берешегі бар және уақытша қаржылық қиындықтарды бастан өткерген салық төлеушілер үшін кепілмен қамтамасыз етілмеген бөліп төлеуді ұсынуды енгізу. Бұл борышкерді кепіл мүлкін бағалау және оны міндетті сақтандыруды жүргізу қажеттілігінен босатады, сондай-ақ бөліп төлеуді ұсыну мерзімдерін қысқартады", – делінген құжатта.