24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Салықтан жалтарғандарды енді ақылды жүйе анықтайды.
Онда салық төлеушілер туралы 74 түрлі дереккөзден жиналған ақпарат бар. Яғни жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкі, көлік пен жер телімдері, тіпті мобильді аударымдары туралы мәліметтер қамтылған. Осы деректер негізінде жүйе талдау жүргізіп, сәйкессіздіктерді бірден анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, елордадағы дәмхананың бірінде жарты жылда небәрі 388 түбіртек қана тіркелген. Ақылды жүйе бұл күмәнді деректі бірден байқап, тиісті ақпаратты ұсынған.
Дияс Крамшеев, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:
- Жасанды интеллектті қолданар алдында бізге үлкен ақпараттық мәліметтер керек. Заңды тұлғалар бойынша да, жеке тұлғалар бойынша да. Оларға қатысты мәліметтер неғұрлым көп болса, соғұрлым ЖИ жақсы жұмыс істей алады. Біздің бірінші жұмысымыз — сол мәліметтерді жинау болды. Бұл жобалардың тиімділігі — біз қазір жеке және заңды тұлғалардың салықты қалай төлеп жатқанын, қалай жұмсалып жатқанын, салықтың жиналуын барлығын онлайн режимде көре аламыз.