Самара Шымкент жолындағы көлік апатынан 12 адам қаза болды

23.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында Самара — Шымкент тасжолында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен ГАЗель автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ГАЗель аудан мен облыс орталығы арасында жолаушылар тасымалдаған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД ресми парақшасы.

Қазір жедел тергеп-тексеру үшін тергеу тобы құрылды. 

Бүгін, 11:43

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью