Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Аталған мәдени іс-шараны Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулдығы мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық музей-қорығы бірлесе өткізіп, көрмеге Түркістан қаласындағы ұлы рухани орталық – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің эпиграфикалық өрнектері мен сирек тарихи экспонаттары қойылды.
Сайыпқырын Әмір Темірдің тікелей бастамасы және қамқорлығымен бой көтерген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Түркістан төріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің теңдессіз жауһары. Сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи құрметіне тұрғызылған бұл кесене ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстан аумағындағы алғашқы тарихи нысан ретінде ерекше құндылыққа ие.
Фото: ӨзАКөрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулы Талғат Шарипов, Самарқанд облысы әкімдігі өкілдері, музей ісінің мамандары және мәдениет саласының белсенділері қатысты.
Іс-шара барысында сөз алған Қазақстанның «Әзірет Сұлтан» ұлттық музей-қорығы директорының орынбасары Ахмед Сисенбай Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі хикметтер мен эпиграфикалық өрнектердің тек көркемдік мұра ғана емес, терең рухани танымға жетелейтін баға жетпес қазына екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ескерткіш түркі халықтарының ортақ тарихи тамырын айқын көрсетіп, мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Фото: ӨзАКөрме аясында сұлтан сарайының макеті, кесене құрылысына пайдаланылған кірпіштің түпнұсқа үлгісі, Сайыпқырын Әмір Темір тарапынан сарайға сыйға тартылған тудың көшірмесі және басқа да бірегей тарихи жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Осындай шаралардың көптеп ұйымдастырылуы көрермендерге түркі әлемінің ортақ тарихи мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік беріп, мәдени сабақтастық пен рухани байланысты нығайта түседі.
Фото: ӨзАЕске сала кетейік, 11 сәуір күні Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралады.