​ Самұрық Қазына мен ExxonMobil мұнай газ саласындағы серіктестікті нығайтып жатыр

10.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сурет: «Самұрық-Қазына» АҚ

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов ExxonMobil компаниясының халықаралық үкіметтік қатынастар жөніндегі аға директоры Юри Киммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қолданыстағы бірлескен жобалар аясындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Жақыпов өз сөзінде Қордың портфельдік компаниясы – «ҚазМұнайГаз» АҚ мен ExxonMobil арасындағы көпжылдық табысты серіктестік өзара құрметке, сенімге және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге деген ұмтылысқа негізделгенін атап өтті. Бұл серіктестік Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

ExxonMobil – әлемдегі ірі мұнай-газ компанияларының бірі. Штаб-пәтері АҚШ-тың Ирвинг қаласында орналасқан. 

Компания Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді және елдің мұнай-газ саласындағы алғашқы ірі инвесторлардың бірі. ExxonMobil «Теңізшевройл» ЖШС, Солтүстік Каспий (Қашаған) мен Каспий құбыр желісі консорциумы жобаларына қатысады.

Бүгін, 17:34

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью