Самұрық Қазына қорының активтері 45 триллион теңгеге жетті

30.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жыл қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының активтері 45 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

Қордың биылғы жылдық түсімі 18 трлн теңгеден асып, ал таза пайда өткен жылдағыдай 2 трлн теңгеден жоғары болады. «Самұрық-Қазынаның» Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қаржылық нәтижелер, орындалған инвестжобалар мен әлеуметтік бастамалар жайында баяндады.

Бүгінде "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының портфеліне 130-дан астам инвестжоба кіреді. Биыл жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 9 ірі жоба іске қосылды. Қатарында Кендірлідегі су тұщыту зауытының құрылысы бар. Сондай-ақ CASPI BITUM кәсіпорны кеңейтілді. "Талдықорған-Үшарал" газ құбыры салынды. Жаңаөзенде күн электр станциясы іске қосылды. Ақтау мен Алматыда контейнерлік терминалдар ашылды. 

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы:

- Биыл энергия ресурстарының бағасы өзгеруіне қарамастан Қор көрсеткіштері артты. Жыл қорытындысы бойынша активтер 45 трлн теңге болады деп күтілуде. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға жоғары. Болжам бойынша кіріс 18 трлн теңгеден асады. 

Сыртқы нарықпен қарым-қатынас кеңеюде. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде құны 15 млрд АҚШ долларының 70-тен астам коммерциялық құжатына қол қойылды. Сонымен қатар АҚШ-қа сапар барысында бірқатар маңызды келісім орнатылды. 

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы:

- Boeing компаниясымен келісімшартқа қол қойылды. Dreamliner үлгісіндегі 18 әуе кемесін сатып алу көзделеді. Қазақстан Темір жолы Wabtec-пен 300 жүк локомотивін жеткізуді қарастыратын келісім орнатты. Қазақтелеком Amazon Kuiper-мен елімізде төмен орбиталы спутниктік байланыс қызметін іске қосатын келісімге қол қойды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау қордың басым бағыттарының бірі. Жергілікті сатып алу көлемі биыл 2 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" қоры әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударады. Кейінгі екі жылда бұл бағытқа 1 жарым трлн теңге бағытталды. 

Рухани Әбдірахман

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью