Санаткер туралы жинақтар

16.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Олжас Сүлейменов туралы «Олжас – Он молодой» атты еңбек 2016 жылы жарық көрген еді. Кейін бұл ізденіс жалғасып, жаңа кітаптармен толықты. Ақынның 90 жылдық мерейто­йына орай жарық көрген «Өсіріс заңы» мен «Жер әлемінің Елшісі» кітабының тұсауы Алматыда өткен халықаралық форум барысында кесілді.

Көрнекті ақын, қоғам қайрат­кері әрі «Невада–Семей» халық­ара­лық антиядролық қозғалыс көшбасшысы Олжас Сүлейменов­тің мерейтойына арналған «Өз жері­нің елшісі» атты VII халық­ара­лық Еуразия мәдениет­терін жа­қын­дастыру форумына Қазақстан­­мен бірге Франция, Ресей, Түркия, Әзер­байжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен АҚШ сынды елдердің мәдениет, ғылым мен әдебиет өкілдері қатысты.

Форумның пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтауын жеткізді.

«Олжас Сүлейменовтің өмір жолы – Отанға адалдықтың, жоғары азаматтық ұстанымның және жалпыадамзаттық құнды­лықтарға беріктіктің жарқын үлгісі. Оның шығар­машылығы қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік руханияттың да маңызды құбылысына айналды», делінген құттықтауда.

«Қазақ оқырманына Олжас Сүлейменовтің болмысын кеңі­нен таныстырғым келді. Оның ғаламдық ойлау жүйесі, адамзат тарихы мен болашағына қатысты пайымдары қызықтырды. Әсіресе «Өсіріс заңы» еңбегіндегі тың көзқарастар ерекше әсер етті», дейді аудармашы Ескендір Ертай.

Қаламгердің айтуынша, «Бай­тақ» партиясының Олжас Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын қолдау мақса­тын­да кезекті жинаққа «Жер әлемі­нің Елшісі» деген атау берілген.

Олжас Омарұлының шығар­ма­шылық және қоғамдық қызметін насихаттауға үлес қосып жүрген Ескендір Ертай түркі дүниесі кеңістігін нығайтуға атсалысқан әріптестеріне алғыс айтып, барша журналист қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью