Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: istockphoto.com
Мектеп бітірушілер сәнді кештердің орнына игі істерді таңдаған. Олар өздерінің ең маңызды күнінде «Жан әлемі» отбасылық реабилитациялық үйіне, балаларға арналған ғылыми орталыққа, №2 мамандандырылған балалар үйіне және қиын жағдайда қалған көпбалалы отбасына көмек көрсеткен.
Бір айдан соң мектеп бітіру кеші өтеді: Қымбат кеш − мәртебе ме, ысырап па?
Түлектер аталған мекемелерге ойыншықтар, кеңсе тауарлары, азық-түлік өнімдері және тұрмыстық техника ретінде теледидар табыс еткен. Бұл көмек әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қолдау көрсетуге бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы бітіру кеші жастардың қоғамға деген жауапкершілігін арттырып, қайырымдылық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Соңғы қоңырау: Елімізде 215 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты
Игі бастама әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең қолдау тауып, көпшілік түлектердің адамгершілік пен жанашырлығына тәнті болды.
Айта кетейік, бұған дейін аталған мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдіріп, еліміздегі көптеген мерекенің әлдеқашан «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналып кеткенін айтқан болатын. Депутат кейбір отбасылардың бітіру кешіне 300 мыңнан бастап, бір миллион теңгеге дейін сұралатынына шағымданатынын айтты.
Биыл оқу жылын аяқтаған оқушылар саны соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті