Сандық технологияға қадам

25.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, университет ректоры Рабиға Қуатбекова, білім және ғылым саласы­­­ның білікті мамандары, студенттер қа­тысты. Сонымен бірге Еуропа елдері мен Өзбекстан Республикасынан онлайн форматта қосылған сарапшылар да пікір алмасты.

Конференция барысында жасанды интеллекттің білім беру жүйесін дамытудағы рөлі, электрондық оқу құралдарын енгізу тәжірибесі және болашақ филолог мамандарын даярлауда қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі кеңінен талқыланды.

Жиында сөз алған Ербол Байқонысов жасанды интеллекттің бүгінгі қоғамдағы маңызын ерекше атап өтті.

– «Жасанды интеллект қоғамның ажы­рамас бөлігіне айналып үлгерді. Қарқынды өзгеріп жатқан заманда жаңа технологиялар­ды меңгеру аса маңызды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында арнайы тоқталып, жеке министрлік құру қажеттігін атап өтті. Президент тапсырмасын орындау мақсатында «AMANAT» партиясы да бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырып келеді. Соның бірі – жуырда іске қосылған Ustazga AI жобасы. Бүгінде осы бастама аясында еліміздегі мұғалімдер жасанды интеллектті қолдану бойынша тегін оқытылуда. Бұл – білім саласының заман талабына сай жаңарып келе жатқанын көрсетеді», – деді ол.

Конференцияда шетелдік және жергілікті сарапшылар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу бойынша ұсыныстарын айтты. Бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, білім саласын цифрландыру бағытында жаңа идеялар ұсынылды.

Елнар ЕЛТАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью