Санитарлық бақылаудың берері мол

09.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ауруханаішілік инфекциялар (АІИ) – денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселе­лердің бірі. Инфекциялар пациенттердің ем алу мерзімін ұзартуға, асқыну­лардың дамуына, медициналық көмек сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осы орайда облыстардағы медициналық стационарларда АІИ-дің алдын алу мәселесі ерекше маңызға ие, санитарлық бақылау бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Санитарлық бақылау меди­­ци­­налық ұйымдарда сани­та­р­лық-эпидемиология­лық саламат­тылықты қамтамасыз етуге ба­ғыт­тал­ған ұйымдастырушылық, про­филак­ти­калық, қадағалау шараларының кеше­нін қамтиды. Негізгі мақсаты – пациенттер мен медицина қызметкерлері арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу.

Медициналық стационарларда санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы режімнің сақталуын қамтамасыз ету – санитарлық бақылаудың маңызды бағыты. Үй-жайларды белгіленген талап­тарға сәйкес тазалау, ағымдағы, жалпы де­­зинфекциялау жұмыстарын уақтылы жүргізу, операциялық, процедуралық бөл­мелер мен палаталардың санитарлық жағдайын бақылау инфекциялық қауіп­тердің төмендеуіне ықпал етеді.

Медициналық мақсаттағы бұйым­дарды дезинфекциялау, стерилизациялау талаптарының сақталуы санитарлық бақылаудың басым бағыттарының бірі. Бұл үдерістердің бұзылуы инфекциялық асқынулардың пайда болуына, антибиотиктерге төзімді микроорганизмдердің таралуына себеп болуы мүмкін. Осы тұрғыда санитарлық дәрігерлер стерилизациялау режімдерінің сақталуына, өңдеу сапасына, стерильді бұйымдарды сақтау шарттарына, есептік құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне бақылау жүргізеді.

АІИ-дің пайда болу қаупі жоғары бөлімшелерге, атап айтқанда, хирур­гиялық, реанимациялық, акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық, инфекциялық бөлімшелерге сани­тарлық бақылау күшейтілген түрде жүзеге асырылады. Бұл бөлімшелерде талаптардың сақталуына жүйелі мониторинг жүргізіледі, эпиде­миологиялық жағдай талданып, профи­лактикалық шаралар дер кезінде қабыл­данады.

Стационарларда қоршаған ортаның санитарлық жай-күйін бақылау да ма­ңызды. Ауызсу сапасы, желдету, ауа ал­мас­тыру жүйелерінің жағдайы, микроклимат көрсеткіштері медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық қауіп­сіздігіне тікелей әсер етеді. Сани­тарлық бақылау аталған көрсеткіштердің қол­даныстағы нормалар мен талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу тәртібін сақтау санитарлық бақы­лаудың маңызды құрамдас бөлігі. Қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру талаптарының бұзылуы инфекциялардың таралу қаупін арттырады. Санитарлық бақылау медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар медицина қызметкерлерімен санитарлық-ағарту, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қол гигиенасын сақтау, жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану, асептика, антисептика қағидаларын орындау жөніндегі тұрақты дағдыларды қалыптастыру АІИ-дің алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Бір сөзбен, өңірлердегі медициналық стационарларда санитарлық бақылау АІИ-дің алдын алу жүйесінің ажырамас бөлігі. Оның тиімді ұйымдастырылуы медици­налық көмектің сапасы мен қауіпсіз­дігін арттыруға, пациенттер мен меди­цина қызметкерлерінің денсаулығын қорғауға, сондай-ақ халықтың денсаулық сақтау жүйе­сіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Гүлнар МАДИМАРОВА,

Алматы қаласы Алмалы ауданының СЭББ бас маманы

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью