Санкт Петербургте белгісіз біреулер футболшыны көшеде ұрлап әкетпек болды

27.10.2025

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

"Зениттің" футболшысы Андрей Мостовойды белгісіз біреулер Санкт-Петербургте көшенің ортасында ұрлап әкетпек болған. Бірнеше адам оның қолынан ұстап, көлікке күштеп отырғызуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash на спорте Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Спортшы қарсыласып, қашып құтылған. Оған жанынан өткен жүргінші көмектесіп, араласқан.

Арада екі күн өткенде қылмыскерлер дәл сол жерде ойын жүзеге асырып, Ресей Мемлекеттік думасы депутатының күйеу баласын ұрлап кеткен. Сценарий сол күйі қайталанған: шабуыл, зорлықпен көлікке отырғызу, кейін қорқытып, ақша бопсалау.

Ер адамды 2,5 миллион рубльді (шамамен 17 миллион теңге - еск.) қолма-қол беруге мәжбүрлегеннен кейін босатқан. Қазір күдіктілер ұсталды, адам ұрлау және қарақшылық деректері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью