Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Ашық дереккөз
Оқиға 23 мамыр күні Минск тұйығында болған. Полицияға куәгер хабарласып, белгісіз біреудің балаға оқ атқанын айтқан. Кейін белгілі болғандай, мектеп оқушысы көшеде саксофон ойнап тұрған. Алайда көрші үйде тұратын 38 жастағы ер адамға баланың музыкасы ұнамай, оны «жазаламақ» болған.
Ол пневматикалық қаруды алып, пәтерінің терезесінен балаға қарай оқ атқан. Зардап шеккен жеткіншек шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Полиция күдіктіні көп ұзамай ұстап, оған қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Енді ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды.
Жамбыл облысында фельдшерге оқ атқан азамат жазаланды.