Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Қостанайда 380-баптың, 6-бөлімі бойынша үш күдікті ұсталды. Атырауда және Өскеменде де күдіктілер осындай айыппен құрықталды. Аталған екі қалада полицейлер қызмет барысында соққыға жығылды. Ал Қостанайда тәртіп сақшысы азаматтарға қызметінен тыс уақытта ескерту жасап, шабуылға ұшыраған. Күдікті ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, — деді Әділов.
Полицейлерді сабағандар сот санкциясымен қамауға алынды.
Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары жұрттың полиция қызметкерлеріне деген көзқарасы жөнінде айтты.
— Полиция жұмысына қатысты халық оң пікірде. Қоғам «Заң мен тәртіп» идеологиясын толықтай қолдап отыр. Бұл ұстанымның негігзгі бағыттарының бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу. Атап өткіміз келетін жайт — елде құқықтық мәдениет жоғары деңгейде. Полицейлерге қарсы күш қолдану бойынша бірен-саран факті тіркеліп, күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалпы, барлық істе соңғы нүктені сот төрелігі қояды, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде полицейдің қаруын тартып алып, оқ атқан күдіктілер ұсталғанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ полицейлерге қарсы заңсыз әрекеттер үшін қандай жауапкершілік қарастырылатынын жазғанбыз.