Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Отандасымыз жартылай финалда испаниялық Карлос Диаспен қолғап түйістірген еді. Жекпе-жек барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.
Санжар Ташкенбай 2003 жылы 1 маусымда дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Санжар 2025 жылы World Boxing аясындағы әлем кубогында чемпион атанды.
Айта кетсек, бүгін Испаниядағы турнирде қазақстандық 17 боксшы жартылай финалда сынға түсуге мүмкіндік алды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Назерке Серік (65 келі), Панар Сейітханқызы (80 келі), Умида Садықова (80 келіден жоғары) финалға шықса, Элянұр Тұрғанова (48 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі), Гүзал Садықова (80 келі) қола жүлдені місе тұтты.
Финалдық жекпе-жектер ертең, 7 ақпан күні өтеді. Еліміздің ерлер құрамасы үшін халықаралық турнир — Нұржан Насановтың жетекшілігімен өтіп жатқан алғашқы жарыс. Ол жыл басында Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.